11
март
2020
Орынбаева Жанар

Орынбаева Жанар Рымбекқызы 1961 жылы Талас ауданы Бостандық ауылында педагогтар отбасында дүниеге келген.
1967-1977 жылдар аралығында Бостандық ауылындағы "Алғабас" орта мектебінде білім алды.
1977-1982 жылдар аралығында С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетінде оқыды.
1982 жылы Жамбыл химия-механика техникумына мұғалім болып жұмысқа орналасты.
Бұл техникум кейінен Жамбыл политехникалық колледжі болып өзгерді.
1992-1998 жылдар аралығында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне атқарды.
1998-2012 жылдар аралығында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2012 жылдан бастап Жамбыл политехникалық колледжінің директоры қызметін атқаруда.
Орынбаева Жанар өзі оқыған "Алғабас" орта мектебіне жиі демеушілік жасайды.
Мектепке түрлі бағалы сыйлықтар, қолөнер бұйымдарын сыйлады.