Мектеп шежіресі осылай шертеді ( Алғабас орта мектебінің қысқаша тарихынан) » "Алғабас" орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Талас ауданы білім бөлімінің
«Алғабас орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 4452930
IT маман :
+7(705)1490819
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп шежіресі осылай шертеді ( Алғабас орта мектебінің қысқаша тарихынан)
15
октябрь
2018

Мектеп шежіресі осылай шертеді ( Алғабас орта мектебінің қысқаша тарихынан)

Қазіргі «Алғабас» орта мектебі бұрын «Бостандық» мектебі болып аталатын, ең алғаш Жиембет участогіндегі Бостандық елді пунктінде «Бостандық» бастауыш мектебі, 1930 жылы ұйымдасқан екен ал, мектеп үйі 1928-29 жылдары колхоздасу кезінде салыныпты. Сол ашылған бастауыш мектептің мұғалімі және меңгерушісі Шінәлиев Сейдалыдеген кісі болады.

1937-38 оқу жылында «Бостандық» мектебі жеті жылдық білім беретін-орталау мектепке айналады. Осы орталау мектептің тұңғыш директоры болыпҒалым Сомтеміров деген кісі келеді. Бостандық мектебінен «Көмекші», «Аққұм» мектептері бөлініп шыққан екен.

Ұлы Отан соғысы жылдарында, 1942-43 оқу жылында, орта мектеп болып қайта ұйымдасады.

Бала контигентінің төмендеуі салдарынан 1947-48 оқу жылында 7 жылдық мектепке төмендетіледі.

Содан 1957-58 оқу жылында ғана, қайтадан орта мектеп болып ашылады, бірақ Бостандық елді пунктінде орта мектепке жарамды үй болмағандықтан, осы Бостандық совхозының сол кездегі №2 фермасында (қазіргі Жданов совхозы) «Алғабас» орталау мектебінің негізінде Алғабас орта мектебі болып қайта құрылды.

Мектеп директоры Боқаев Әшім.

Ал, Бостандық совхозының орталығында Бостандық (7 жылдық) мектебі қалады.

1960-61 оқу жылында Бостандық совхозы жұмысшы қызметкерінің тілегі бойынша, мектеп орталығы орта мектеп «Алғабас» атымен көшіріліп келінді де, «Бостандық» 7 жылдық мектебі № 2 фермаға, сол атымен ауыстырылды.

Бұл мектептің өмір сүру кезінде, көптеген жолдастар: Сомтеміров Ғалым, Тілеубаев Сәрсенбей, Жылқайдаров Сыздық, Байбосынов Байдаш, Байболов Рымтай, Жанаев Нұрғали, Молдабеков Смағұл, Ахметбекова Жамаш, Габушева З, Құдиярбеков Кемелбек, Нысанбеков Әбілдаш, Боқаев Әшім-1957-1959, Көбесов 1960 (жазғы үш ай), Шоңов Шайбек 1960-1963 жылдары, Әбілов Р. 1963-1964 басшылық етті. Сондай –ақ жыл сайын педагогикалық кадрлары да өсіп келеді. Мысалы, Бостандық бастауыш мектебі кезінде 3-4, жетіжылдық кезінде 7-8 орта мектеп кезінде 10-15 ғана мүғалімдер жұмыс істесе, қазір 35 мұғалім жұмыс істейді (техникалық тәрбиеші қызметкерлерді қоспағанда)

Оларды білім дәрежесіне бөлгенде ;

Жоғары білімдісі – 17 адам

Орта білімдісі – 5 адам

Педагогикалық арнайы орта білімдісі – 13 адам

Мектеп жоғарғы білімді, маман мұғалімдерімен толықтырылған. Мысалы : Бейсенбаев Ж, Майлыаяқова М. (математика), Әбілдаева Адаскүл ( география), Р.Төлегенов ( тарих),

Казлова, Омірбаева (орыс тілі), Өтеулин (ағылшын тілі ), Р. Дүйсенбеков, Дүйсебаева , Үсенова С. (қазақ тілі мен әдебиеті), Жамашев (физик) т.б жоғары білімді жолдастар жұмыс істейді. Оқу сапасы жыл сайын жақсарып келеді. Мектеп үйі бір этажды, лайықты үйге орналасқанына 3-4 жыл болды. Оқушылар контингенті де өсіп келеді.

Мысалы соңғы 10 жыл ішіндегі балалардың өсуін (қозғалысын) салыстырсақ, мына төмендегі анықтамадан көруге болады.

 

Оқу жылдары






 Барлығы

 Оның қазағы

Оның ішінде қазақ қызы

1959-1960

326

326

137

1960-1961

334

318

146

1961-1962

373

367

171

1962-1963

346

337

164

1963-1964

402

389

183

1964-1965

601

460

202

1965-1966

545

525

243

1966-1967

 486

 461

 215

1967-1968

300

451

226

1968-1969

518

516

238

1969-1970

453

491

234

1970-1971




1971-1972




1972-1973




1973-1974

601



1974-1975




1975-1976




1976-1977

 725



1977-1978

721



1978-1979

719



1979-1980

720



1980-1981




1981-1982




1982-1983




1983-1984




1984-1985




1985-1986




1986-1987




1987-1988




1989-1989




1989-1990




1990-1991




1991-1992

680



1992-1993

611

611

308

1993-1994

585

585

300

1994-1995

532

532

280

1995-1996

489

489

259

1996-1997

459

459

235

1997-1998

439

439

 225

1998-1999

437

437

208

1999-2000

413

413

198

2000-2001

406

406

197

2001-2002

451

451

204

2002-2003




2003-2004




2004-2005




2005-2006




2006-2007




2007-2008




2008-2009




2009-2010




2010-2011




2011-2012




2012-2013




2013-2014




2014-2015




2015-2016




2016-2017




2017-2018






10 жылда 





4831



 4690



 2151







Бұл көрсетілген цифрлардан «Алғабас» орта мектебі соңғы 10 жыл ішінде, 4831 бала оқып бітірген. Оның ішінен 2151 қазақ қызы. Соңғы 10 жыл ішінде: 7-8 класты «338» бала бітіріп, орталау дәрежелі білім алса, 10-11 кластарды 439 бала бітіріп, жоғарғы оқу орындарына түсті, сырттай оқиды, кейбіреулері өндірісте жұмыс істеп жүр.

1963-1966 жылдар арасында 103 жұмысшы қызметкер, шопандар « экстерн» бітірді.

Сонда соңғы 10 жыл ішінде 532 жастар, жұмысшылар, қызметкерлер орта білім алып шықты.

Осы мектепте білім алғандардан, ғылым иелері, педагогтар, врачтар т.б. ауыл шаруашылық саласындағы мамандар өндіріс командирлері көптеп табылады. Бірер мысалдар келтірейік: «Алғабас » орта мектепті бітірген Орынбаев Сәрсенбек,

· Қазір биология ғылымының кандидаты. Сәрсенбек

«Алғабас» орта мектебінде бірінші кластан бастап оқыған.

· Математика ғылымының кандидаты Ауданбек Көбесов,

· Аққошқаров Елден осы «Алғабас» орта мектебінде біріншіден 9 - класқа дейін оқыған. Осы мектепте білім фундаментін қалаған шәкірттеріміздің бірі.

Сол сияқтыҚоқанбаев Оразбай, Төлегенов Рғалбай, Төлеуішов Рғымбай, Жамашов Ошан, Манақов Ұлан т.б. жолдастар да, біздің мектептің түлектері қазіргі ұстаздар.

Ал, Көпбасқанов Ұстабай- аудандық партия комитетінде қызметкер.

Мектебімізде алтын медальмен бітірген Әбдікерімов Мәлік, қазір ТуркВО-да врач, ал Әлімжанов Еламан – Қазақ телестудиясында, Іргебаев Әбіш - Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында инженер, Айтбеков Бодаубек – мал дәрігері, Арқабаев Жақан - Целиноградта ірі элеваторды басқарды, Экстерн бітірген Аязбаев Райымбек совхоздың озат электро- сварщигі, сырттан оқиды.

1960 жыл мен 1969 жыл аралығында 17 бала мектепті медальдарымен, мақтау граммоталарымен бітірді. Бұл да аз цифр емес оның ішінде 2 адам алтын медальмен (Әбдікәрімов М, Қоқанбаев Ә.) 12 адам күміс медальмен, 3 адам мақтау грамотасымен наградталды. Медальистердің бәрі жоғарғы оқу орындарында оқиды.

Атап айтқанда:- Қоқанбаев Ә. - ҚазГУде, Амантаев Е - ауыл шаруашылық институтында, Шолпанбеков Р, Сұлтаналиев Қ, мед институтта, Қайрылдаева М., Байдашова Р. - ЖенПИ, Әбілбеков Амалбек ЗооВет институтта оқиды.

Халық шаруашылық жоспары бойынша осы «Алғабас» орта мектебі 1970-1980 жылдар арасында, шамамен жылына 10 класты 40-50 бала бітіріп, 60-40 бала жаңадан мектепке қабылданып отыруға тиіс деп жоспарлануда.

«Алғабас» орта мектебінен негізінен екі орта мектеп, қазіргі Жданов совхозындағы орта мектеп, 1966-67 оқу жылында «Аққұм» орта мектебі, 1969-70 оқу жылында бөлініп шықты. Қазіргі Бостандық совхозында екі орта мектеп, бір бастауыш мектеп жұмыс істейді.

«Алғабас» орта мектебінің коллективі көсеміміз В.И.Лениннің 100 жылдығы мен Қазақ ССРна 50 жыл толғалы отырған торқалы тойын елеулі табыстармен қарсы алғалы отыр. Мектеп коллективі қос мерекеге арнап, стенділер, бұрыштар, фотомонтаждар, альбомдар жасап, өз мектебін көрнекті етіп безендіруде және материалдық базасын күн сайын жақсартуда.

Бостандық совхозының негізін қалаған (колхоз кезінен) қарт пен пенсионерлер: Наурызбаев Оңғарбай, Байжанов Рысдәулет, Сәбденбеков Тұрғын сияқты Социалистік Еңбек Ерлері, Иманбеков Есенаман (Ленин ордені Барлыбаев Әметхан Еңбек Қызыл Ту ордені сияқты еңбек озаттары бар.)

Бостандық совхозының ірге тасын қалаған Түгелов Іргебай 1937-1947 жылдар арасында колхоз басқармасынынң председателі

Әбдірамбаев Жабатай бастауыш партия ұйымының секретары, Селолық Советтің преседателі болған. Бұл жолдастардың мектеп құрылысына және оқу тәрбие жұмыстарына тигізген ұлы істері көп.

Мектеп үйінің қазіргі құрылысын ,қазіргі мектеп үйін салып берген Ленин орденді совхоз директоры Әбдиев Сейілбек алғашқы мұғалімдік қызметін осы мектептен бастаған. Әбдиев.С. жолдас мектептің оқу ісінің меңгерішісі, аудандық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі болған.

Мектеп үйін салудағы үздік еңбегі үшін 1967-68 оқу жылында «Халық ағарту ісінің озаты значогымен наградталды. 1970 жылы сентябрь айында мектебіміздің негізі қалағанына 40 жыл толады. Бұл Қазақ ССР-ның 50 жылдығы мен тұспа-тұс келгелі отыр.

 

В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуы мен Қазақ ССР-ның 50 жылдығын және мектебіміздің 40 жылдығын «Лениндік өсиетке берікпіз» ұранымен және оқу тәрбие жұмыстарында елеулі табыстармен қарсы аламыз.

Міне, көркейген өңірдегі құшақ жайған көп жұмыстар осындай.

 

 

Алғабас орта мектебінің директоры  Иланбеков,

Тарих пәнінің мұғалімі Төлегенов Р.

Март 1968 жыл.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив