Бос жұмыс орыны туралы
КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
ХАБАРЛАНДЫРУ
Орналасқан жері : Талас ауданы,Бостандық ауылы,Р.Байжанов 16
Пошталық мекен-жайы : algabasortamektebi@yandex.kz
Телефон номері : 5-29-30
Мекеме атауы : Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданының білім бөлімінің «Алғабас» орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Уақытша бос лауазым атауы : ағылшын пәнінің мұғалімі
Негізгі функционалдық міндеттері :
1.Мекемедегі оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау нұсқауына
сәйкес өзіне сеніп тапсырылған оқушыларға қарауды жүзеге асыру ;
2.Мұғалім қызметінің денсаулық сақтау функциясын атқарады ;
3.Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;
4. Пәндік-дамытушылық ортаны қалыптастырады ;
5. Балалардың шығармашылығна (ойындық ,танымдық,
қозғалыс,көркемөнер,еңбекке баулу жәнет.б ) жетекшілік етеді .
Еңбек ақы мөлшері ; штаттық кестеге сәйкес ( 0,5бірлік)
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітіліген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары :
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш ;
- Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үщін );
- Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іспарағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген бар болса );
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бектілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттың көшірмелері ;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі (бар болса )
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы » Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетті атқарушының 2020жылғы 30қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №21579 болып тіркелген ) ;
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама ;
- Біліктілік тестілеу сертификаты ;
- Түйіндеме
Құжаттарды қабылдау мерзімі : 7 күн