Ауған Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу-кеші өткізілді. » "Алғабас" орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Талас ауданы білім бөлімінің
«Алғабас орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 4452930
IT маман :
+7(705)1490819
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ауған Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу-кеші өткізілді.
15
февраль
2022

Ауған Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу-кеші өткізілді.

«Алғабас » орта мектебінде  Ауған Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу-кеші өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу;
Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Жылма-жыл ақпан айының 15-і күні біз ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. Өйткені бұл соғыста өрімдей жас жігіттер жазықсыздан-жазықсыз құрбан болды.
1979 жылы Ауғаныстан жерінде болған зұламат соғыста Кеңес әскерлері қайталанбас қаһармандық танытты. Мейлі,  өзге елде болсын, халықтың тыныштығын қалаған батырларымыздың басым бөлігі сол бір сұм жылдарда майдан даласында қаза тапса, тағы бірі із-түссіз жоғалып кетті.
Биылғы   жылы Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33  жыл толып отыр. Ауған соғысының   қанды қырғынынан аман –есен оралғанымен, жандары жаралы 15 мыңға жуық  қазақстандық ардагер ортамызда жүр. Олардың дұшпан оғынан қаза тапқан майдандас достарын соңғы сапарға шығарып салып тұрып, көздері жасқа, жүректері мұңға толған шақтары көп. Сонда да, ата-баба рухына дақ түсірмей елге абыроймен оралды. Майдан даласында   жанқиярлықпен қаһармандығы үшін он мыңдаған Қазақстандық орден-медалдармен марапатталды.
Осыған байланысты  мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Жұмабекова Гүлбарша  оқушыларға  қысқаша Ауған соғысы туралы мәлімет жасады. Ауылымыздың  Ауған соғысы ардагері Жекебаев Ниязбек атамызбен   9 сынып оқушылары, сынып жетекшісі  Орманова Мөлдір, Тәлімгер Оспанова Гулзира  кездесу - сұхбат әңгіме өткізді.  3 «а» сынып  жетекшісі  Шағатаева Света  «Ауғанның от жалыны» тақырыбы бойынша  сынып сағатын өткізді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Sammie Bramblett
22 июня 2022 13:25
►►► ✅ Where can I get my gift? Here? https://u.to/pHYyHA