30
сентябрь
2022
Бүгін «Алғабас» орта мектебінде 1 қазан – Қарттар мерекесіне орай, «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты:
Өскелең жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, рухани байлыққа тәрбиелей отырып, қазыналы қарттарымызды құрметтеуге, ол кісілердің әрбір ісінен үлгі алуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатымыздың қадірменді қонақтары, ауылымыздың ақсақалдар алқасының мүшелері: Мұзаппаров Зарлыхан және Есимов Жаңабай атамыз өз ойларымен бөлісті.
Ашық тәрбие сағатында 7 «А», 7 «Ә» сынып оқушылары ардагер ақсақалдарымызға арнап өлең шумақтары мен әннен шашу шашып, тәрбиелік мәні зор сахналық қойылым көрсетті.
Ашық тәрбие сағатының соңында қазақ тілі пәнінің мұғалімі З.Ауғанбаева «Қарттарым» әнін нақышына келтіріп орындаса, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Р.Қаржаубаева әдемі ақ тілегін арнады.