Рүстем Рысбайұлы Дәулет

Рүстем Рысбайұлы Дәулет 1974 жылы туылған.
1981-1991 жылдар аралығында Бостандық ауылындағы "Алғабас" орта мектебінде білім алған.
Білімі жоғары, 1996 жылы Жамбыл жоғары кәсіпкерлік мектебін «кәсіпкер-маркетолог», 2003 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік басқару», 2010 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы «Бостандық» акционерлік қоғамында қарапайы жұмысшы болып бастаған.
Әр жылдары Талас ауданы Бостандық ауылдық округі әкімінің орынбасары, әкімі, Қаратау қаласы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитетінің басқарма бастығы, «ALIT» ЖШС бас директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасы орынбасарының көмекшісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл және Шу аудандарының әкімі, Тараз қаласының әкімі қызметтерін атқарған.
2018 жылдың сәуір айынан бастап Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі, 2019 жылғы сәуірден бастап Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып келді.
2019 жылдан бастап Қордай ауданы әкімі қызметін атқаруда.Рүстем Рысбайұлы Дәулет өзі оқыған "Алғабас" орта мектебіне жиі демеушілік жасайды. Жыл сайын
"Мектепке жол" қайырымдылық акциясына қомақты қаржылай көмек көрсетіп тұрады.