Қазанбасов Бақыт Алпысбайұлы

Қазанбасов Бақыт Алпысбайұлы 1961 жылы туылған, білімі жоғары.
1968-1978 жылдар аралығында Талас ауданы Бостандық ауылындағы «Алғабас» орта мектебінде білім алған.
1996 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «инженер-технолог» мамандығы, 2005 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1981 жылы Тараз қаласындағы №2 астық комбинатының слесарі болып бастаған.1983-2001 жылдары Тараз қаласындағы №2 астық комбинатында үгітуші, ұнтақтаушы, цех бастығы, бөлімше меңгеруші, қосалқы шаруашылық меңгеруші, 2001-2003 жылдары «Ақ бидай» АҚ директоры, 2003-2008 жылдары «Зар-Замин» ЖШС-нің қосалқы шаруашылық меңгерушісі, 2008-2011 жылдары Жамбыл ауданы Аса ауылдық округінің әкімі, 2011-2013 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын-үй шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2013 жылдан бастап Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
2017-2019 жылдар аралығында Жамбыл ауданы әкімі қызметін атқарған.
2019 жылдан бастап Талас аудан әкімі қызметін атқаруда.
Қазанбасов Бақыт Алпысбайұлы туып-өскен ауылындағы білім нәрін алған «Алғабас» орта мектебіне өз демеушілігін жиі жасайды. Соның бірі мектептегі Рухани жаңғыру бөлмесін толық жабдықтап берді.