Ауған Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына
«Алғабас » орта мектебінде Ауған Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу-кеші өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету; Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.