Мектеп шежіресі осылай шертеді ( Алғабас орта мектебінің қысқаша
Қазіргі «Алғабас» орта мектебі бұрын «Бостандық» мектебі болып аталатын, ең алғаш Жиембет участогіндегі Бостандық елді пунктінде «Бостандық» бастауыш мектебі, 1930 жылы ұйымдасқан екен ал, мектеп үйі 1928-29 жылдары колхоздасу кезінде салыныпты. Сол ашылған бастауыш мектептің мұғалімі және меңгерушісі Шінәлиев Сейдалыдеген кісі болады. 1937-38 оқу жылында «Бостандық» мектебі жеті жылдық білім беретін-орталау мектепке айналады. Осы орталау мектептің тұңғыш директоры болыпҒалым Сомтеміров деген