"Экология сенің өз үйің" тақырыбында экожоба өткізілді
"Алғабас " орта мектебінде "Жаратылыстану " бірлестігі, Рымбекова Әлия Ержанқызының ұйымдастыруымен 6-7 сыныптар арасында "Экология сенің өз үйің " тақырыбында экожоба байқауы өтті. Экожобаның мақсаты қоршаған ортаны қорғауға, шығармашылық қабілеттерін дамыту, экологиялық тәрбие беру. Экожоба өте жоғары деңгейде өтті, оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, экологиялық өзекті мәселелерді қозғады