"Өнер пәндері" бірлестігі » "Алғабас" орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Талас ауданы білім бөлімінің
«Алғабас орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 4452930
IT маман :
+7(705)1490819
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Өнер пәндері" бірлестігі
"Ежелгі Тараз шаһары" көрмесі
12
февраль
2020
"Ежелгі Тараз шаһары" көрмесі
10-12 ақпан аралығында "Алғабас" орта мектебінде "Әулиеата бояулары" тақырыбы аясында "Ежелгі Тараз шаһары" айдарымен мектепішілік сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 5-7 сынып оқушылары тартылды. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Г.Қожагелдиеваның жетекшілігімен ұйымдастырылған көрмеде 5 "А" сыныбы 1-орын, 6 "Ә" сыныбы 2-орын, 6 "А" сыныбы мен 7 сынып оқушылары 3-орынмен марапатталды
"Сегіз қырлы, бір сырлы" сайыс сабақ
14
ноябрь
2018
"Сегіз қырлы, бір сырлы" сайыс сабақ
Сайыстың мақсаты:  Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, игі салт, әдептілік, еңбек сүйгіштік қасиеттерін бойына сіңіру. Сайыс сабақ 6 бөлімге бөлініп, әр бөлімде әр оқушының қабілетін арттыру мақсатында түрлі тапсырмалар беріліп, мәресіне жетті. 
"Әскери спорттық ойын"
13
ноябрь
2018
"Әскери спорттық ойын"
Сайысқа "Жас қыран", "Сарбаздар", "Ұландар" тобы болып қатысты. Дода қаппен секіру сайысымен басталды. Бұл сайыста "Жас қыран" тобы үздік шықса, екінші болып мәре сызығын "Ұландар" тобы кесіп өтті.  Тир ату сайысында қатысушылар нысанаға дәл тигізуден озды. Арқан тартысуда "Жас қырандар" үздік болды. Сұрақ - жауап сайысында "Ұландар" үздік болды. сайысты қорытындылап, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Денсаулық күні
15
октябрь
2018
Денсаулық күні
Денсаулық - зор байлық.    Денсаулық күніне арналған мектептен тыс іс-шараға мектеп оқушылары қатысып, жүйріктері мен күштілері анықталды.