11
ноябрь
2020
"Пайдалы ойындар" тақырыбында робототехникаға байланысты онлайн тренинг өтілді
11 қараша күні "Алғабас" орта мектебінің күзгі каникул күндеріне жасалған іс-шара жоспары аясында информатика пәні мұғалімі Адамбек Мейрамбектің ұйымдастыруымен оқушыларға "Пайдалы ойындар" тақырыбында робототехникаға байланысты онлайн тренинг өтілді. Тренингте оқушыларға түрлі бағыттағы пайдалы ойындар таныстырылды. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын айтты. Бос уақыттарында ойлау қабілеттерін арттыратын ойындар ойнап, өздері де түрлі ойындар құрастыратынын айтты


